"Болашақ әріптестеріммен кездесуде Мен, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлерінің кәсіби және этикалық мінез-құлқының маңыздылығын жеткізгім келді. Өкінішке орай, АИТВ-позитивіне қатысты стигма мен кемсітушілік фактілері, оның ішінде медициналық ұйымдарда да орын алады", - деп пікірімен бөлісті эпидемиолог дәрігер және іс-шара спикері- Балгия Акишова.
2023 жылғы 24 қарашада Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің жоғары медицина мектебінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша студенттермен ақпараттық кездесу өтті.
Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты- болашақ медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімді көзқарас қалыптастыру болып табылады.