2023 жылғы 22 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы- Жанагуль Шарипова, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Ақпараттық іс-шарада спикер облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен бөлісіп, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, орталықтың маманы болашақ медицина қызметкерлерінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға ерекше назар аударды.