2023 жылғы 23 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған орталықтың еріктілерімен және аутрич қызметкерлерімен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараның басында алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Балгын Сарбасова, ЮНЭЙДС ұсынған "Көшбасшылық- қауымдастықтарға" ұраны туралы айтып, коммуникациялық алаңның мақсатын белгіледі.
"Бүгінгі таңда барлығымыз алдын алу жұмыста күш біріктіріп, АИТВ-инфекциясының алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге халықтың негізгі топтарының қолжетімділігін жақсарту тетіктерін әзірлеу үшін қауымдастықтарға қызмет алуға кедергі келтіретін немесе шектейтін мәселелерді талқылауымыз керек", - деп бөлісті спикер.
Айта кетейік, дөңгелек үстелде алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиолог дәрігері- Балгия Акишова, АИТВ-инфекциясы бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдайды атап өтті. Ал дерматовенеролог дәрігері- Гаухар Ергалиева, Достық кабинетте алуға болатын жұмыстар мен қызметтер туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел проблемалық мәселелерді талқылаумен және оларды шешудің мүмкін жолдарымен аяқталды.