2023 жылдың 20 қарашасында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті.
Бұл күні фойеде келушілерді ақпараттық-білім беру материалдары мен пайдалы ақпараты бар орталықтың медицина қызметкерлері күтті.
Айта кетейік, Ашық есік күнін өткізу кезінде кез-келген адам инфекционист дәрігерден, дерматовенерологтан, психологтан кеңес алып, сондай-ақ АИТВ-ға жедел әдіспен тестілеуден өте алады.
Бұл іс-шараның маңызды мақсаты халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру болды. Өйткені, тек ақпараттандырылған қоғам ғана өзін инфекция қаупінен қорғайды және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітусіз орта қалыптастыра алады.