Өткен жылмен салыстырғанда есірткіні инъекциялық тұтыну бойынша динамикалық бақылауда тұрған адамдарды АИТВ-ға тестілеуді қамту 11% - ға ұлғайды. Бұл ретте мүдделі ұйымдардың тығыз ынтымақтастығы және түрлі бірлескен іс-шараларда тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігі маңызды рөл атқарды.
2023 жылғы 17 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды АИТВ-инфекциясына тексеру мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңес ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында, сондай-ақ Көкшетау қаласы бойынша полиция инспекторлары басқармасының қатысуымен өтті.
Бірінші болып Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары- Сауле Жаканова сөз сөйлеп, әріптестерінің назарын АИТВ-инфекциясын тексеру және нормативтік-құқықтық актілерді орындау бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізудің маңыздылығына аударды.
Келесі спикер- алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Балгын Сарбасова, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша динамикалық бақылауда тұрған инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды тексеру мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл ретте дәрігер АИТВ-инфекциясына тексеру кезінде бар проблемалық мәселелерді ерекше атап өтті.
Бұдан әрі, кеңестің бағдарламасына сәйкес, АОПДО бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Мұхамедьярова сөз сөйлеп, 2022 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамалық тапсырманың орындалуы туралы, сондай-ақ АИТВ-ға тексеру саласындағы өзгерістер мен жетістіктер туралы айтты.
Көкшетау қаласы полиция инспекторларының жергілікті басқармасының АИТВ-ға тексеруден жалтарған адамдарды анықтау және іздестіру жөніндегі АОПДО мамандарымен бірлескен жұмысы туралы ҚАҚ ПБ бастығы Сакен Саденов баяндады.
Бұдан басқа, облыс орталығы бойынша психикалық денсаулық орталығының екі бөлімшесінің меңгерушілері ағымдағы жылдың он айында инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды тексеру бойынша жағдаймен бөлісті.
Іс-шара соңында АОПДО орта медицина қызметкерлерімен АИТВ-ға жедел тестілеу әдістемесі және өткізу бойынша практикалық сабақ өткізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды тексерудің нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды, олар хаттамалық тапсырмада көрініс тапты.