АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының бригадасы Жарқайың ауданына баруды жүзеге асырды.
Аймақтағы инфекцияның негізгі таралу жолы - жыныстық қатынас. Сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу тетіктерінің бірі-бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, әлеуметтік желілер және т.б. мүмкіндіктердің кең спектрін пайдалана отырып, халық арасында санитарлық - ағарту жұмыстарын тиімді жүргізу, сондай-ақ инфекцияның өсуіне жол бермеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды, өткізуді және бақылауды регламенттейтін бұйрықтар нормаларын мүлтіксіз сақтау болып табылады.
2023 жылдың сегізінші қарашасында Жарқайың аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізіліп, АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды.
Медициналық ұйымға бару барысында аурухана басшылығымен бірлесіп, кадрлардың оңтайландырылуы мен тапшылығына байланысты қолда бар мамандар арасында міндеттерді бөлу мәселелері, сондай-ақ басқа қызметтермен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.