Ақмола АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айлығына белсенді қатысты.
Мәселен, медициналық ұйымда қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, онда жұмыс істейтін зейнеткерлер кәсіподақ комитетінің атынан естелік сыйлықтармен марапатталды, ал еңбек сіңірген демалыстағы әріптестер мен мүгедектігі бар адамдар әкімшіліктен материалдық төлем алды.
Бұдан басқа, барлық зейнеткерлер үшін, осы жылдың қазан айында әр бейсенбі сайын сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін инфекционист дәрігердің тегін кеңесі өтеді.
Республика күні қарсаңында, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі қызметтің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан құрметті тәлімгерлеріміз бен әріптестерімізді бүкіл ел үшін осы маңызды мерекемен құттықтап, отбасыларыңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз.