Туберкулезге байланысты стигма мен кемсітушілік аурудың таралуын болдырмауға ең маңызды кедергі болып табылады. Олар туберкулез инфекциясының таралуына жағдай жасайды, оны анықтауға және емдеуге елеулі кедергілер жасайды. Стигма көптеген факторларға негізделген, соның ішінде алалаушылық пен суымшылдық, ауруды түсінбеу, туберкулездің берілу жолдары, оны емдеу мүмкіндіктері туралы қате түсініктер.
Туберкулезбен ауыратын науқастарға қатысты стигма мен кемсітушілік туберкулезбен ауыратын науқастардың диагнозын достарынан, әріптестерінен, көршілерінен және тіпті жақын туыстарынан жасыруына әкеледі. Жергілікті қоғамдастық қабылдамау қаупін туберкулезбен ауыратын көптеген науқастар қорқынышты жаза және сынақ ретінде қабылдайды.
«Туберкулез» диагнозы адамды біраз уақытқа өз өмірін басқа жақтан қарауға мәжбүр етеді. Диагнозды жасыру өте ауыр зардаптарға әкеледі- яғни олар дәрігерлерге қаралмай немесе емді бастамайды. Бұл өз кезегінде аурудың ауыр түрлерінің дамуына және дәріге төзімділіктің пайда болуына әкеледі.
Алайда, өз қабілеттеріне сенімді және басқалардың қолдауын сезінетін адам емдеу мен қарым-қатынас туралы дұрыс шешім қабылдауға қабілетті. Туберкулезбен ауыратын науқас отбасының назары мен қамқорлығын, айналасындағылар мен қоғамдастықтың қолдауын қажет етеді.
Дәрігерлер стигма мен кемсітушілік аяқталған кезде туберкулезді тоқтата алатынымызға сенімді. Кез келген адам туберкулезді жұқтыруы мүмкін.