2023 жылғы 22 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша полиция департаментінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шарада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері-Б.Сарбасова сөз сөйледі.
Презентация барысында дәріскер полиция қызметкерлеріне АИТВ және ЖИТС деген не, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсіту мәселелері талқыланды, сондай-ақ инфекцияның кәсіби тәуекелдері мен олардың алдын алу шаралары егжей-тегжейлі талданды.
Еске сала кетейік, орталықтың мамандары өткізетін осындай іс-шаралардың мақсаттары, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру болып табылады.