Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке 2013 жылдан бастап республикамыздың мерекелерінің тізіміне енгізілді. Биыл жылы осы мереке 10 қыркүйекке келеді.
Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу құндылықтарды ілгерілетуге және отбасы мен некенің оң беделін дамытуға, отбасы мәртебесін көтеруге, отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға ықпал етуге арналған.
Бүгінгі таңда біздің елімізде отбасын нығайту, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік әл-ауқатын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Барлық уақытта мемлекеттің дамуы отбасының қоғамдағы және оған қатысты жағдайына байланысты бағаланды, өйткені отбасында мықты ұлт қалыптасады.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы барлық тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, отбасылардағы үйлесімділік, амандық пен өркендеу тілейміз!