«    Сентябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Конституция - қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы

29.08.2023

Бүгін орталығымызда еліміздің Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Ол кез-келген мемлекеттік мереке сияқты Әнұраннан басталды.

Салтанатты іс-шараны аша отырып, орталықтың бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов, әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың өміріндегі негізгі заңның рөлін атап өтті.

Іс-шара бас дәрігердің орынбасары мен бөлім меңгерушілерінің құттықтауларымен жалғасты.

Айта кету керек, ҚР Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес ешкімді шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез-келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.

Мұндай жағдайларға АИТВ-ның оң мәртебесінің болуы жатады. Басқа адамдардың жұқтыру қаупі бар мамандықтардың шағын тізбесін қоспағанда, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың білім алу, медициналық қызмет көрсету, жұмысқа орналасу құқықтарын шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.

Сондықтан, осы маңызды мереке қарсаңында әркімге өз құқықтарын білуге және оларды қорғауға, сондай-ақ Конституцияда, қоғам мен мемлекеттің негізгі заңында жазылған постулаттарды сақтауға және құрметтеуге тілектеспіз.