23 маусым 2016 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес орталығы облыс аудандарындағы бас дәрігерлердің АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша жауапты орынбасарлары, госпитальдік эпидемиологтармен селекторлық тәртіптегі семинар өткізіп, оған 51 адам қатысты.
ЖИТС орталығының бөлім меңгерушілері сөйледі: ұйымдастыру-әдістемелік- Ашимова С.А., эпидемиологиялық- Жаканова С.К., емдеу-алдын алу- Жаксалыкова Г.Е., алдын алу- Хван З.А., сана-әлеуметтік кабинет меңгерушісі Бабагулова А.К. және дәрігер-лаборант Ташметова М.Ж.
Орталық мамандары Ақмола облысындағы АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды айтып берді, АИТВ-жұқтырғандарды медициналық ұйымдарда диспансеризациялау бойынша жұмыс ұйымдастыру, анадан балаға жұғу жолдары, клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға анықтауға зерттеумен қамту туралы әңгімеледі, облыс тұрғындары арасында алдын алу жұмысын талдады, БАҚ-пен және бизнес-құрылымдардың, кәсіпорындардың басшыларымен жұмыс жүргізуге назар аударды. Сондай-ақ АИТВ/ЖИТС бойынша жасырын кеңес беру сұрақтары, диагностиканың талдау алдындағы кезең ережелері, биоматериалды зерттеуге жіберу тәртібі қаралды. Семинар барысында мамандар аудандардан түскен сұрақтарға жауап беріп, мәселелі сұрақтар бойынша пікір алмасты.