2023 жылдың үшінші тамызында Көкшетау қаласының орталықтың әмбебап аумағында жедел тестілеу және кеңес беру мобильді пункті ашылды, онда әрбір тілек білдіруші өзінің АИТВ мәртебесін біліп, мамандардан кеңес ала алады.
Бұл күні орталықтың медицина қызметкерлері халықты АИТВ-ға тестілеуге шақырып қана қоймай, көкшетаулықтар мен қала қонақтарының хабардарлығын арттырып, жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып берді. Акцияға қатысушылармен әңгімелесуде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, саябақта және Орталық әмбебап дүкен аумағында осындай акциялар ай сайын шілдеден қазанға дейін айына бір-екі рет өткізіледі. Өткізу уақыты туралы толығырақ біздің әлеуметтік желілерден біле аласыз.