Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары тәжірибелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында №2 көпбейінді облыстық ауруханаға барды.
Сапар барысында дәрігерлер мен медбикелерге арналған оқыту семинары өткізіліп, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау шаралары, сондай-ақ тәжірибелік мәселелер талқыланды - инвазиялық рәсімдерді көрсету кезінде қауіпсіздікті сақтау, авариялық жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл алгоритмі, АИТВ-ға зерттелмеген пациенттер жүгінген немесе келіп түскен шұғыл жағдайларда іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ вирустың берілуінің тік жолының алдын алу жөніндегі шаралар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды уақтылы және тиімді диспансерлеу мәселелері және басқа да көптеген мәселелер қаралды.
Семинардың маңызды бөлігі медицина қызметкерлерін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жаңа нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ қолданыстағы бұйрықтарға енгізілген өзгерістермен таныстыру болды.
Бұдан басқа, босану бөлімшесінің персоналына АИТВ-ға тексерілмеген әйелдер босанған жағдайда жедел тестілеу жүргізу әдістемесіне оқыту жүргізілді.