2023 жылғы 18 шілдеде Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Көкшетау қаласының №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді.
Айта кетсек, іс-шара спикері орталықтың алдын алу жұмысы бөлімінің маманы- Нурлыбек Конуспаев сөз сөйлеп, ашық диалог түрінде АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістерін, Ақмола облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды қозғап, мүмкін болатын кәсіби тәуекелдерді талдады.
Дәріскер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау мен кемсітуге жол берілмейтінін ерекше атап өтіп, кездесуге қатысушыларды шыдамдылық танытуға және АИТВ-мәртебесі оң адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуге шақырды.
Кездесуде мынадай мақсатта: қолжетімді және сенімді ақпарат, осы ауруға байланысты мифтерді талқылау, сұрақтар мен жауаптармен кездесудің ашық формат түрінде барынша күш салынды.
Іс-шара құтқарушылармен бірлескен фотосуретпен аяқталды.