2016 жылғы маусымның 9, 10 және 13-і Ақмола облысында ата-аналармен қоғамдық тыңдаулар болып, онда отбасының АИТВ-жұқпасының алдын алудағы рөлі, жеткіншектер арасындағы заң бұзушылық туралы айтылды. Осы кездесулер барысында №1,2,5,11 ОМ барлығы 201 адам қамтылды, сондай-ақ облыс аудандарының ата-аналарымен селекторлық мәжіліс болды. Қоғамдық тыңдауларда Ақмола облыстық ЖИТС ОО мамандары ата-аналарға АИТВ-жұқпасының жұғу жолдары және алдын алу әдістері, облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, АИТВ/ЖИТС бойынша оқушылардың білуі жөнінде хабарлап, отбасының АИТВ-жұқпасының алдын алудағы рөлі және адамгершілік-жыныстық мінез-құлық жөнінде сөз қозғады.