Есірткіні теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні қарсаңында Облыстық психикалық денсаулық орталығында "Сенім" әлеуметтік оңалту бөлімшесінде орталық мамандарының емделіп жатқан адамдармен кездесуі өтті.
Қонақтарды бөлім меңгерушісі Сұлушаш Бекмағанбетова таныстырып, мамандардың сапарының мақсатын айтты.
Қатысушылармен танысқаннан кейін, алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Асель Балтабаева, Сенім пункті мен Достық кабинетінде алуға болатын қызметтерге егжей-тегжейлі тоқталып, АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратпен бөлісті.
Дәрігердің сөз сөйлеуі АИТВ-инфекциясын емдеуге, аурудың жанасуға дейінгі алдын алу мүмкіндіктеріне және т. б. қатысты көптеген сұрақтарға қызығушылық тудырғаны қуантады.
Орталықтың емдеу-алдын алу бөлімінің психологы - Маргарита Рыбина, келесі спикер болып, ол интерактивті форматта адамдармен нақты мысалдармен берілу жолдарын талдап, оларды тәуекелдер бойынша саралады: бар, жоқ және минималды тәуекел.
Кездесу соңында акцияға қатысушылар қонақтармен ұзақ уақыт сөйлесіп, мамандардың жеке кеңестерін алды.