«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ-жұқпасы бойынша социологиялық сауалнама

07.06.2016

 30 мамырдан 3 маусымға дейін Ақмола облыстық ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес орталығында орталыққа келушілер арасында социологиялық саулнама аптасы өтті. Социологиялық зерттеу тұрғындар үшін жалпы 20 сұрағы және «иә» және «жоқ» деген екі жауап нұсқасы бар мамандандырылған анкеталармен өткізілді. Сауалнамаға жасы 18 бен 49 арасындағы 53 респондент, басым көпшілігі еркектер, орта жастары 28-де, қатысты. Мекен-жайлары бойынша: сұрастырылғандардың 68% Көкшетау қаласының тұрғындары, 11% - Зеренді ауданы, 9% - Сандықтау ауданы, 4% - Петропавловск қаласы, 2% - Бұланды ауданы, 2% - Астана қ., 2% - Атбасар ауданы, 2% - тұратын жерін көрсеткен жоқ. Өңделген анкеталарды талдау кезінде белгілі болғандай, ақпараттандырулық 80% құрады, бұл орта деңгейді білдіреді. Респонденттердің көпшілігі «АИТВ-ға теріс нәтижесі бар адам дегенменде жұқпаның көзі болып табыла ма?» сұрағында қиналысқа тап болды, ол ақпараттандырулықтың 39%-ын ғана алды, бұл АИТВ-жұқпасының «сұр» немесе «серологиялық терезе» деп аталып, жасырын кезеңі 3 аптадан 6 айға дейін созылатыны туралы білмегендіктерін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқандардың 21%-ы АИТВ-жұқтырғандарды сырт пішінінен тануға болатынына, АИТВ-жұқпасы жануарлардан, тұрмыстық жағдайда жұғатынына сенімді.

Бүгін АИТВ-жұқтырғандарға қатысты стигма мен кемсіту болмауға тиіс, АИТВ-жұқпасы туралы әркім білуге тиісті, себебі бұл - өзін және туыстарын қорғаудың жалғыз тәсілі.