19.05.2016 жылы Аршалы ауданында үйлестіру кеңесі болып, оған Аршалы ауданы селоларының әкімдері, АІІБ, ЖҚМ, білім бөлімінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Ақмола ЖИТС ОО ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ашимова С.А. Ақмола облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай жөнінде мағлұмат беріп, тұрғындардың жеке санаттарын (ТМЖ) АИТВ-ны анықтауға зерттеу; диспансеризациядан безетін АИТВ-жұқтырғандарды іздестіру; бизнес-құрылымдардың басшыларымен жұмыс істеу; БАҚ-пен жұмыс жүргізу (жергілікті басылымдарда жариялымдар беру); кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, тағы басқа сұрақтарды әңгімеледі.
Әкімнің орынбасары АИТВ/ЖИТС-пен күрес бойынша өңірдегі жұмысты талдап, бар мәселелерді шешуге барлық мүдделі ведомстволарға белсенді қатысуға тапсырма берді. 71 адам қатысты.