2016 жылғы мамырдың 17-19 аралығында Ақмола облысы ЖИТС ОО бөлімдерінің меңгерушілері Аршалы ауданына барып, кеңестік және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.
Тексеріс нәтижелері бойынша ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының медкеңесінде сұрақ тыңдалды. Жұмысты ұйымдастыру, мониторинг өткізу және тұрғындар арасында санитарлық-ағарту, ақпараттық-білімдендіру жұмысын талдау, АИТВ-жұқтырғандарды диспансеризациялау, АИТВ-ны анықтау үшін тұрғындарды зерттеумен қамту материалын берумен бірге оқыту семинары өткізілді. 43 адам қатысты.