18 мамыр 2016 жылы Көкшетау қ. қан қызметі бойынша «Трансфузиондық терапияның сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі» атты облыстық семинар болып, оған 35 адам қатысты: қан қызметі үшін жауапты дәрігерлер, Ақмола облысы медициналық ұйымдарының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігерлердің орынбасарлары. Облыстық ЖИТС орталығының атынан семинарға дәрігер-эпидемиолог Жаканова С.К. қатысып, «Донор қанының инфекциондық қауіпсіздігі» атты баяндама жасады.
Семинар материалынан медқызметкерлер қан донорлары және оның құрамдары арасында АИТВ/ЖИТС бойынша республика және облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базамен танысты. Қан реципиенттері және оның құрамдарымен жұмыс жөнінде сұрақтарды талдады.