Көкшетау қалалық орталық саябағында халықты АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша кезекті акциясы өтті.
Күзгі салқын ауа-райына қарамастан, 2022 жылдың жетінші қыркүйегінде саябақта облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жедел тестілеу және кеңес беру бойынша мобильді пункті ашылды, онда кез-келген адам 20 минут ішінде өзінің АИТВ мәртебесін біліп, осы ауру туралы мамандардан сенімді ақпарат ала алды.
Айта кетсек, бұл Ақмола ЖИТС орталығы мамандарының саябақтағы төртінші акциясы, тағы бір сапар бесінші қазанға жоспарланған. Өткізу уақыты туралы толығырақ біздің әлеуметтік желілерден біле аласыз.