2022 жылғы 16 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен, Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Аймақ басшысы медицина қызметкерлері мен қызмет ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, марапаттар мен алғыс хаттарды табыстады.
Бұл салтанатты концертте біздің дәрігерлер де атап өтілді. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі- Сабира Ашимова "Еңбек ардагері" медалімен, ал алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Зоя Хван "Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық тілейміз.