
2022 жылғы 17 мамырда Ақмола облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында медицина қызметкерлерімен "АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері" бойынша оқыту семинары өткізілді.
Бұл семинарда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары спикер болды.
Алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиолог дәрігері- Балгын Сарбасова, өз презентациясында нормативтік-құқықтық актілері және АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша қолданыстағы бұйрықтар туралы, сондай-ақ "АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына енгізілген кейбір өзгерістер туралы айтты.
Эпидемиологиялық бөлімнің эпидемиолог дәрігері- Гульмира Сиражиденова, АИТВ жұқтырудың кәсіби тәуекелдерінің алдын алу бойынша презентациясымен бөлісіп, онда медициналық көмек көрсету кезінде авариялық жағдай туындағанда, яғни қанның теріге,шырышты қабықтарға түсуі кезіндегі алдын алу шаралары туралы баяндады.
Семинарға 26 медицина қызметкері қатысты.