2022 жылдың 19-21 сәуір аралығында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандарына жоспарлы шығуды жүзеге асырды.
Барлық үш өңірде соңғы екі жылда АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері шешілді.
Орталықтың мамандары осы кезеңде медициналық ұйымдарда АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырумен танысты. Көші-қон қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста тексерілуден және емделуден бас тартудың жекелеген жағдайларына байланысты мәселелері шешіледі. Осылайша, Жарқайың ауданына барған кезде орталықтың медицина қызметкерлері аудан әкімінің орынбасарымен кездесіп, проблемалық мәселелерді талқылап, тексеруден және емделуден жалтарған адамдар бойынша бірқатар тапсырмалар қабылданды.
Коронавирустық инфекция пандемиясынан кейін халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмысы қалпына келтірілуде.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, барлық аудандарда медицина қызметкерлері үшін семинар өткізілді, онда АИТВ/ЖИТС бойынша облыстағы және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай туралы, Нормативтік-құқықтық актілердегі, ҚР ДСМ бұйрықтарындағы өзгерістері туралы ақпарат ұсынылды.