«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында АИТВ туралы жеті баннер орналастырылды

06.04.2022

АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыру – біздің орталықтың басты бағыттарының бірі.

Біз жастармен, педагогикалық, медициналық, ата-аналар қауымдастығымен, халықтың негізгі топтарымен ақпараттық-білім беру кездесулерін өткіземіз.

Сонымен қатар, біз әлеуметтік желілер мен БАҚ-ты, сондай-ақ сыртқы жарнаманы белсенді қолданамыз.

Мысалы, 2022 жылы билбордтарда 7 баннер, Көкшетау және Щучинск қалаларының аялдамаларында 4 баннер орналастырылды, Көкшетау, Щучинск және Степногорск қалаларының 25 қоғамдық орындарында аудио роликтер ротациясы жүргізілуде, облыс орталығының тұрғындарына бейнероликтерді көрсету үшін 2 LED-экран іске қосылды.

Ақпарат маңызды және тиімді ресурс. Алайда, ол оны қолданған кезде ғана жұмыс істейді. Сондықтан АИТВ-ның қалай берілетінін және АИТВ-ны жұқтыру қаупін азайту үшін қандай алдын алу шараларын қолдану керектігін білу ғана емес, сонымен қатар бұл білімді күнделікті өмірде қолдану маңызды.

Қарапайым мысал келтірейік, Болат деген жігіт Айсұлу есімді қызбен әлеуметтік желілерде танысып, қысқа қарым-қатынастан кейін олар романтикалық қарым-қатынас жасайды. Олар АИТВ-ның берілу жолдары туралы жеткілікті хабардар болған, бірақ олардың арасында кейбір мифтер бар (мысалы, АИТВ – инфекциясы-халықтың маргиналды топтарының ауруы). Сондықтан мүшеқапты қолдану артық деп санайды, өйткені олар өздерін осындай топтарға жатқызбайды.

Бұл оқиғаның қорытындысы белгілі бір шешімдер қабылдау үшін толық және сенімді ақпарат болуы керек, сонымен қатар ақпаратты іздеу дағдыларын дамыту және күнделікті оқиғалардың үлкен ағымында жалған хабарламаларды анықтау мүмкіндігі қажет.

АИТВ-ның айналасындағы мифтер мен қорқыныштар осы аурумен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілігі және АИТВ-ны тексеруден қорқуына ықпал ететінін түсіну керек, бұл медициналық көмекке кеш жүгінуге және емдеуді бастауға демек, АИТВ-ның жаңа жағдайларының көбеюіне әкеп соғады.