«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында әскерге шақырылушылардың дәрістері басталды

15.03.2022

 

Ақмола облысында көктемгі әскерге шақыру басталды, Осыған байланысты 2022 жылғы 14 наурызда қорғаныс істері жөніндегі департаментте облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары осы жылы әскерге шақырылушылармен мерзімді әскери қызметке алғашқы дәріс өткізді.

Дәріс барысында орталықтың эпидемиолог дәрігері- Асель Балтабаева жастарға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу және емдеу әдістері туралы айтып берді. Сондай-ақ, маман АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою туралы атап өтті. Болашақ сарбаздар құлшыныспен пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойды, ал кездесу соңында дәріскермен бірге тыңдалған материалдарын бекітті.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай кездесулерді біздің мамандар бірінші жыл емес, енді карантиндік шараларды жеңілдете отырып, оларды бүкіл шақыру барысында өткізу жоспарланып отыр.