2021 жылғы 22 желтоқсанда Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары "АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға бас дәрігердің орынбасары, бөлімшелердің меңгерушілері мен аға медбикелері қатысты.
Гүлмира Сиражиденова, ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері, тыңдаушыларды АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша хабардар етті, ал зертханашы дәрігер Людмила Маслова АИТВ-инфекциясы мен вирустық гепатиттерге серологиялық әдіспен қан алу қағидаларындағы өзгерістер бойынша түсіндірме берді, сондай-ақ медицина қызметкерлерін төртінші буындағы АИТВ-ға жедел тесттермен тестілеуді өткізу әдістемесіне үйретті.
Кездесу сұрақтарға жауаптармен және мамандардың практикалық ұсыныстарымен аяқталды.