2021 жылдың 12 қарашасында Көкшетау қаласының Теміржол вокзалында "Болашаққа есірткісіз!" республикалық акциясы өтіп, онда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары денсаулық бұрышын ашты.
Вокзалдың күту залында әрбір тілек білдіруші АИТВ-инфекциясы, АИТВ-инфекциясының қауіптілігі мен алдын алу мәселелері бойынша мамандардан кеңес алып, осы мәселе бойынша өз білімдерін арттыра алады, сондай-ақ жедел тестілеуден өтіп, өз орнында АИТВ-мәртебелерін білді. Бұдан басқа, облыстың есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен еріктілер нашақорлықтың зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық бүктемелер таратумен сөзжұмбақтар өткізілді.
Бір жарым сағат ішінде 15 адам өз мәртебесін біліп және 30-дан астам адам мамандардан кеңес алды.
Мұндай акциялар халықтың назарын аударатынын және қорғалмаған жыныстық қатынас пен есірткіні қолдануға орын жоқ жерде қауіпсіз жүріс-тұрыс қажеттілігін еске салатынын түсіну маңызды.