2021 жылғы 11 қарашада көпбейінді облыстық балалар ауруханасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары бөлімшелердің меңгерушілері мен аға медбикерлерімен "АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарда эпидемиологиялық бөлімнің эпидемиологы- Г.Сиражденованың "АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу" мәселелері талқыланды.
Орталық зертханасының меңгерушісі- Г.Шешмуканова "АИТВ / гепатитке серологиялық әдіспен қан алу ережелері" кейбір өзгерістермен таныстырды.
Алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиологы- Б.Сарбасова АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша жаңа нормативтік-құқықтық актілер бойынша ақпарат ұсынды.
Кездесу сұрақтарға жауаптармен және мамандардың тәжірибелік ұсыныстарымен аяқталды.