«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында "АИТВ: әрқайсысын тыңда!" дәрігерлер шақырды

10.11.2021

2021 жылдың тоғызыншы қарашасында Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған "АИТВ: әрқайсысын тыңда!" атты баспасөз конференциясы өтті.

Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының бас дәрігері Курманбек Бурмаганов өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік науқан 2021 жылғы 15-25 қараша аралығында өтеді. Ақмола облысында мынадай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда: "АИТВ-ға тексеруден өт!", # хештег астындағы челлендж барлығын тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша мәселелерді жария ету, қоғамдық орындарда, сауда үйлерінде, қалалық автобустарда және әлеуметтік желілерде аудио-бейнероликтерді ротациялау, онлайн кездесулер, байқаулар, оқушы және жұмысшы жастармен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша диалог алаңдары сияқты.

 "COVID-19-ға байланысты шектеулерге қарамастан, облыстағы АИТВ-инфекциясының алдын алу қызметі диагностика және емдеу қызметтеріне қолжетімділікті төмендетпеді, халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыруды жалғастырды. 2021 жылдың 9 айында АИТВ-ға тестілеумен қамту 12% - ды құрады, антиретровирустық терапияда 795 адам жатыр, халықтың негізгі топтарының ішінен 1 215 адам алдын алу бағдарламалар қызметтерімен қамтылған", - деп қорытындылады орталықтың бас дәрігері.

Эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі- Батеш Бапенова бүгінгі таңда инфекцияның таралуының негізгі жолы жыныстық болып табылатынын, онда 63% гетеросексуалдық және 4,5% гомосексуалдық байланыстар екендігін айтты.

 Ал, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі- Сандугаш Бурмаганова ЮНЭЙДС "95-95-95" стратегиясы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу туралы егжей-тегжейлі айтып, орталықтың білікті медициналық персоналы, заманауи антиретровирустық препараттары және емдеу процесін мониторингтеу және қажет болған жағдайда оны түзету үшін сапалы зертханалық диагностикасы бар екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, пациенттерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуден басқа, мемлекеттен әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2020 жылдан бастап облыс бойынша балаларға ай сайын 2 ең төмен күнкөріс деңгейі немесе 68 604 теңге, ересектерге жылына бір рет 20 АЕК немесе 58 340 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны кезінде білім беру жүйесіндегі үздік ашық сабаққа және Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік сториске арналған "АИТВ туралы 3 факт" атты екі байқау жарияланған болатын. Байқаулар туралы толық ақпаратты Instagram-дағы @akmaids ресми парақшасынан алуға болады.