2021 жылдың үшінші қыркүйегінде Қазақстан халқының Тілдері күнін мерекелеу аясында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының қазақ тілі маманы- Сандугаш Мухамеджанова орталықтың түрлі ұлт өкілдеріне арналған мемлекеттік тілде COVID-19 алдын алудың қарапайым шаралары туралы оқыту шағын сессиясын өткізді. Кездесуде іс жүзінде пандемия кезіндегі санитарлық нормаларға қатысты өрнектер пысықталды.
Әріптестермен бейресми қарым-қатынас тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қол жеткізілген Қазақстанның жетістіктерін талқылаумен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап Қазақстан халқының Тілдер күні жыл сайын 5 қыркүйекте - қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде атап өтіледі