«Қауіп-қатер топтарынан» тыс
Брифинг
2021 жылдың он бірінші мамырында Ақмола облысының ІСБ Өңірлік коммуникациялар қызметінде Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған "ЖИТС-ты тоқтатайық" тақырыбында брифинг өтті.
Онда спикер ретінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов және алдын алу бөлімінің меңгерушісі- Зоя Хван сөз сөйледі.
Олардың айтуынша, біздің өңірде АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, бірақ халық арасында АИТВ-инфекциясы жағдайларын тіркеу әлі де жалғасуда. Төрт айда облыста 38 жағдай, ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде 47 жағдай анықталды. Өңірде барлығы АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін 810 адам бар, ал оның таралу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 109,9-ды құрады.
Неғұрлым зардап шеккен жас тобы 30-39 жастағы адамдар болды, олардың үлес салмағы анықталған АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының 40%-ын құрады, ал әлеуметтік құрылымы бойынша бұл көрсеткіш 71% - ды құрайтын жұмыс істемейтін халық.
Бұл ретте АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің өсуі байқалады, ол 68,4% - ды құрады (2020 жылы-59,6%). Бұл көрсеткіштер АИТВ инфекциясының "қауіп-қатер топтары" деп аталатыннан асып кеткенін және қарапайым халық арасында таралғанын көрсетеді.