«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында АИТВ бойынша еріктілерді оқыту

06.05.2021

 

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі бүкіл әлемде Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні ретінде атап өтіледі. Бұл күннің басты мақсаты-  АИТВ жұқпасының таралуына қоғамның назарын аудару және осы ауруға байланысты өмірі үзілген адамдарды еске алу.

2021 жылдың бесінші мамырында Көкшетау қаласында "Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша Үздік ерікті" байқауы аясында өткізілген АИТВ инфекциясы мәселелері және денсаулықты қорғау бойынша аудиториямен жұмыс негіздері бойынша онлайн-семинар өтті. Бұл байқау Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған.

 Іс-шараға Ақмола облысының 17 колледждері мен жоғары оқу орындарынан 17 белсенді, жас жігіттер мен қыздар қатысты.

Орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Сауле Жаканова құттықтау сөзінде барлық қатысушыларға оқуда жемісті жұмыс және байқауда сәттілік тілеп, жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу ісіне қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

Онлайн-семинар тренерлерінің бірі, ЖИТС АОО алдын алу бөлімінің маманы Нурлыбек Конуспаев болашақ еріктілерге АИТВ және ЖИТС не екенін түсінікті және қызықты түрде айтып, балалармен берілу жолдары мен алдын алу шараларын талқылап, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселесіне ерекше назар аударды.

Белсенді, дебатер, Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының маманы Равиль Загайдулин өз сөзінде аудиториямен тиімді өзара әрекеттесу үшін маңызды болып табылатын ауызша сөздермен, бейсезімдік ақпараттар қарым-қатынас құралдарының маңызды бөлшектерімен  бөлісті.

Бұл оқыту "Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша Үздік ерікті" байқауының кезеңдерінің бірі. Келесі кезең-байқауға қатысушылардың Instagram желісінде берілген тақырыпқа тікелей эфирлер өткізуі болады.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға онлайн оқудан өткені туралы сертификаттар беріледі.