Ақмола облысында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні аясында "Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша үздік еріктілер" облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:
Ұйымдастырушылар: Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы
Қатысушылар: Ақмола облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын және өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын насихаттауды жандандыру, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халыққа қолжетімді және дұрыс ақпарат беру.
Байқаудың міндеттері:
- АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Жауапты адамгершілік-жыныстық, мінез-құлықтардың қауіпсіз дағдыларын дамыту;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру;
- Жастар ортасында АИТВ - инфекциясы мәселелер ібойынша еріктілерді даярлау.
Өткізу мерзімі: "Жастарарасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша Үздік еріктілер" байқауы 2021 жылғы 20-шы сәуірден 14-ші мамыр аралығында өткізіледі.№1 қосымшаға сәйкес, қатысушылардан 2021 жылғы 30 сәуірге дейін байқауға өтінімдер қабылданады.
Байқауға қойылатын талаптар мен шарттар:
- Бірінші кезең- әрбір оқу орны 2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде оқу орнының студенттері арасында ішкі іріктеу жүргізу арқылы байқауға қатысуға бір өтінім береді.
- Екінші кезең - ұйымдастырушы 2021 жылдың 4 мамырынан 5 мамырына дейін денсаулық сақтау бойынша аудиториямен АИТВ-инфекциясы мәселелері және жұмыс негіздері жөнінде қатысушыларға тестілеу және бір күндік онлайн оқыту жүргізеді.
- Үшінші кезең - 2021 жылдың 11-13 мамыр аралығында қатысушылар инстаграмда эфирді міндетті түрде сақтай отырып, оқу орнының ресми аккаунтында, «АИТВ туралы не білу керек?» тақырыбында тікелей эфир жүргізеді. Эфир уақыты: 10 минуттан кем болмауы керек.МАҢЫЗДЫ! Сақталған эфир 2021 жылғы 17 мамырға дейін жойылмауы қажет.
- Тікелей эфир көрсетілетін@akmaids орталығының ресми аккаунтына жазылыңыз. Байқаукезеңіндеаккаунташықболуыкерек.
- Байқауғаәрбіроқуорнынан 1 қатысушыданқатысады.
- Тікелей эфирлерді бағалаудағы маңызды критерий олардың мазмұндылығы, ақпаратты ұсынудағы креативті тәсілдемесі, қатысушының шешендік қабілеттері, сондай-ақ оқыту кезінде өткізілген тестілеу нәтижелері болып табылады. Қатысушыны бағалау парағы қоса беріледі - №2 қосымша.
Байқауқорытындысыншығару.
Байқауғақатысушылар 2021 жылғы 14 мамырда байқау комиссиясының отырысында бағаланатын болады.
Марапаттау:
Байқау жеңімпаздары "Жастарарасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойыншаҮздік еріктілер" атағына ие болады және 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар тиісінше 15 000, 10 000 және 5 000 теңге алады. Байқаудың барлық қатысушыларына "Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері" бойынша онлайн семинардан өткені туралы сертификаттар және байқауға қатысқаны үшін мақтау қағаздары беріледі.
Қызығушылық танытқан сұрақтар болса, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына мына 8 (7162) 25-07-54 телефон нөміріне немесе @akmaids инстаграм желісіне хабарласуға болады. Байқауға қатысуға өтінімдерді akmolprof@mail.ru электрондық мекен-жайына қабылдайды, хат тақырыбында «Байқау_оқу орнының атау» деп көрсетілсін.
№1 қосымша
«Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша Үздік еріктілер» облыстық байқауына қатысуға өтінімі
№
|
Оқуорныныңатауы
|
Қатысушының (толық)
Т.А.Ә.
|
Қатысушы кураторының (толық)
Т.А.Ә.
|
Жұмыс және ұялы телефон нөмірі
|
Электрондықпоштасы
|
|
|
|
|
|
|
№2 қосымша
Қатысушыны бағалау парағы
Қазылар алқасы мүшесінің аты-жөні______________________________________________________________________
№
|
Оқу орнының атауы
|
Қатысушының Т.А.Ә.
|
Тестің нәтижесі
|
Мазмұндылығы
|
Шығармашылығы
|
Ақпаратты ұсынудағы дәлдігі
(статистика, нақтылығыжәне т. б.)
|
Шешендік қабілеттігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_______________________________________________________________________
1. Әр критерий бойынша бағалау шкаласы 0-ден 100 баллға дейін.
2. Бірдей ұпай жинаған қатысушылар, көрулер, ұнатулар және оң пікірлер саны бойынша бағаланады.