2021 жылғы 26 ақпанда "Нөл кемсітушілік" күні аясында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиолог дәрігері- Асель Балтабаева Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттерімен онлайн-сабақ өткізді.
Жүзден астам болашақ медицина қызметкерлері қатысқан дәріс барысында, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың алдын алуға, емдеуге, күту мен қолдауға, сондай-ақ жалпы қоғамға теңемес қолжетімділігінің себебі болып табылатын оларды кемсіту мәселелері қаралды.
Тыңдаушылар контингентін ұйымдастырушылар кездейсоқ таңдаған жоқ, өйткені АИТВ-мен өмір сүретін көптеген адамдар медициналық мекемелерде кемсітушілікке тап болады, сондықтан өткізілген іс-шараның басты міндеті медициналық студенттерде оларға қатысты адамгершілік пен төзімділікті қалыптастыру болып табылады.
Кездесудің онлайн-форматына қарамастан, балалар дәріскермен кері байланысты белсенді өткізді-сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, тапсырмаларды орындады.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ шешімі бойынша 1 наурыз 2014 жылдан бастап жыл сайын бүкіл әлемде "Нөл кемсітушілік" күні ретінде аталып келеді. Кемсітушілікке қарсы күрес күнін құрудың бастамашысы Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы-ЮНЭЙДС басшылары болды.