2021 жылғы 29 қаңтарда клиникалық зертханалық диагностика бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі Станислав Рафаилович Багинскийдің қайтыс болғанын қайғы-қасіретпен хабарлаймыз.
Станислав Багинский 1951 жылы 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Келлеровка ауданы Подлесное селосында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін, Ақмола облысының санитарлық-эпидемилогиялық қызметінде, Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында, КСРО АМН Сібір бөлімшесінің полярлық медицина ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының клиникалық-иммунологиялық зертханасының меңгерушісі содан, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы және эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Еңбек өтілі 46 жылдан астам, оның 27-сі Ақмола облысының ЖИТС қызметіне арналды.
Орталықтың ұжымы туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Станислав Рафаилович өзінің кәсіби міндеттеріне мейірімді, жанашыр және ақкөңіл адам ретінде әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы