«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысының медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ бойынша семинар

21.01.2021

 

2021 жылғы 20 қаңтарда облыстың медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс - шараның спикерлері-Ақмола облыстық ЖИТС орталығы емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі- С.Бурмаганова, эпидемиолог дәрігері - Г. Сиражиденова, дәрігер зертханашы- Л. Маслова болды.

Орталық мамандарының мүдделі ведомстволармен үйлесімді жұмысының арқасында 2020 жылы АИТВ-инфекциясы диагнозымен жаңадан анықталғандардың саны 2019 жылғы 146-дан 114 адамға дейін азайғандығы қуантады.

АИТВ-инфекциясын анықтау құрылымы өзгерді: есірткіні көктамыр ішіне енгізу арқылы жұқтырғандар саны едәуір азайды, бірақ инфекцияның жыныстық жолмен таралу көрсеткіші артты, бұл фертильді жастағы халық арасында, әсіресе, жұқтыру қаупі бар халықтың негізгі топтарымен одан әрі алдын алу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Сонымен қатар, спикерлер АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуіне жол бермеу жолдары туралы ұсыныстар берді және облыстың медициналық ұйымдарының АИТВ және ЖИТС мәселелері жөніндегі жауапты тұлғаларына АИТВ-инфекциясы мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттарға толықтырулар туралы хабардар етті.