«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында педагогтармен онлайн-семинар өтті

20.11.2020

 

2020 жылдың 20 қарашасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бастамасымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орайластырылған, ZOOM платформасында мектептер мен колледждер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен "COVID-19 пандемиясы жағдайында білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері" тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның модераторы Ақмола облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің маманы- Кира Цуневская, ал семинар сабағының жүргізушілері ПД ЕҚКБ аға жедел уәкілі- Разия Курсанова, ЖИТС орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің маманы- Нурлыбек Конуспаев және СӨС орталығының психологы- Эсет Куссиева болды. Олар аймақтың білім беру жүйесінде COVID-19 пандемиясы жағдайында АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу тақырыбын талқылады.

Сонымен бірге, коронавирус біздің өмірімізге жағымсыз түзетулер енгізгеніне қарамастан, барлық азаматтар өздері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік жауапкершілік танытуы керек, өйткені халықаралық ынтымақтастық пен жалпы жауапкершілік бізден халықаралық денсаулық сақтау жүйесінің, соның ішінде ЖИТС-ке қарсы іс-қимылды қайта қарастыруды талап етеді.

Н.Конуспаевтың айтуынша, облыс бойынша АИТВ-оң мәртебесі бар ЖОО мен  ООМ-да 4 оқушысы мен 11 студенті кумулятивті тіркелген, бұл, әрине, педагогтардан АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жоғары хабардар болуды талап етеді, өйткені бұл мәселеде білім деңгейінің төмендігі АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге ықпал етеді.

Соңғы уақытта нашақорлардың айналымына енген заманауи синтетикалық есірткілер туралы, сондай-ақ Республика заңнамасының кейбір құқықтық аспектілері туралы Разия Курсанова айтып берді, ал СӨС орталығының психологы пандемия жағдайында білім беру жүйесінде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру механизмдері туралы бөлісті.