№ 2 қосымша
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқан аясында, Instagram әлеуметтік желісіндегі "Есте сақтау және өмір сүру!" атты тақырыбында үздік бейнепост облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:
Ұйымдастырушы: «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы»
Қатысушылар: Байқауға Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтары мен Ақмола облысының аймағында тұрақты тұратын адамдары қатыса алады.
Мақсат: Салауатты өмір салтын және өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын насихаттауды жандандыру, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халыққа қолжетімді және дұрыс ақпарат беру.
Байқаудың міндеттері:
- АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша, халықтың ақпараттылық деңгейін жоғарылату;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Жауапты адамгершілік-жыныстық, мінез-құлықтардың қауіпсіз дағдыларын дамыту;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру;
Өткізу мерзімі: "Есте сақтау және өмір сүру!" атты тақырыбындағы Instagram әлеуметтік желідегі үздік бейнепост байқауы 2020 жылдың 2-ші қарашадан 22-ші қарашаға дейін өткізіледі.
Байқау жұмыстарының талаптары мен шарттары:
- Instagram парағыңызда осы тақырыпқа арналған хабарламаны (фото немесе видео) ортақ хэштегпен (#Естесақтаужәнеөмірсүру! #Ескеалукүні #АқмолаЖИТСорталығы) қазақ немесе орыс тілдерінде, онда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толеранттылық көзқарасын қалыптастыратын, АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын-алу шаралары туралы айтылуы қажет. Жарияланымдағы ақпараттық мәтінде автордың (авторлардың) байқауға не үшін қатысқандығы туралы «Есте сақтаңыз және өмір сүріңіз!» Ұраны туралы өзінің түсінігін ашып көрсетуі керек.
• Біздің орталықтың арнай аккаунтына - @akmaids жазылып, бізді белгілеуі керек.
• Байқау кезеңінде аккаунт ашық болуы қажет.
• Байқауға жекелей түрде, сонымен қатар құрамы 3 адамға дейін, топтық жұмыс жіберуге болады.
- Байқаулық жұмыстарды іріктеудегі маңызды критерий олардың мазмұндылығы, ақпараттылығы, өзектілігі, креативтілігі, бірегейлігі, шығармашылық тәсілі болып табылады. Ғаламтордан материалдарды пайдаланбаңыз!!!
- Байқаулық комиссия қосымша қарап шығу және репост санын қадағалайтын болады.
Байқау қорытындысын қорыту. Байқаулық жұмыстар 23.11.2020 ж. байқаулық комиссия отырысында бағаланады.
Марапаттау:
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады: бірінші орын - 10 мың теңге, екінші және үшінші орын-5 мың және 3 мың теңге. Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына мына тел. бойынша:
8 (7162) 25-07-54 хабарласуға болады.