2020 жылдың 29-шы қазанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандарымен Шортанды ауданының дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлеріне халықты АИТВ-ға тестілеумен қамтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарда медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алуға, ерте анықтауға және емдеуге қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша созылмалы аурулары бар, ұзақ уақыт емге көнбейтін симптомдары бар, халықтың осал топтары қатарындағы адамдар арасында АИТВ-ға қан алу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ босандыру блогының мамандары үшін семинар өткізілді, онда жаңа туған нәрестелердің АИТВ жұқтыруына жол бермеу мәселелеріне баса назар аударылды.