«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Баспасөз релизі 28.08.2020 Жазғы онлайн лагерге 90 қазақстандық балалар мен жасөспірімдер қатысты

02.09.2020

 

2020 жылғы тамыз айының 24-29 аралығында АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдер еліміздің барлық аймақтарынан ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниясы Janssen қолдауымен «Қоғамдық денсаулық қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған қазақстандық жазғы онлайн лагеріне қатысты.
Бұл елде жүргізіліп жатқан екінші көшбасшылық лагері. Бірақ биылғы жылы формат онлайн режимінде өзгертілді. Топтарда сабақтарды тәжірибелі психологтар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері өткізді.

- Лагерьді өткізудің мақсаты - көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыру үшін әртүрлі өңірлерден келген жасөспірімдерді таныстыру, ересек өмірге толыққанды ықпалдасу, ішкі әлеуетті арттыру, психоэмоционалды тұрақтылықты нығайту, АИТВ -мен өмір сүру туралы білім деңгейін арттыру, емделуге жоғары бейімділікті қалыптастыру, - дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Онлайн форматы басында көптеген сұрақтар тудырды, өйткені балалардың барлығында компьютерлер мен ұялы телефондар жоқ, көбісі аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленуде. Содан кейін планшеттер сатып алу туралы шешім қабылданды. Қазақстанның 13 өңірінен 33 жасөспірім тиімді оқыту үшін жаңа гаджеттер алды. Барлық балаларға интернет төленді.

Алты күн бойы жасөспірімдер аға тәлімгерлерімен АИТВ-мен өмір сүру, репродуктивті денсаулық, стигма мен өзін-өзі жеңу, антиретровирустық терапияны ұстану дағдыларын жетілдірді. Бағдарламаға өзін-өзі таныстыру және медиа-сауаттылық бойынша сабақтар енгізілді. Балалар өздері іс-шараның логотипін, ұранын және хэштегін ойлап тапты.
Онлайн арқылы бәрі болды: жаңа достар табу, пайдалы ақпаратты білу, мектеп алдында білімді жетілдіру және де белсенділік пен шығармашылық үшін сыйлықтар алу.

 

ҚДИАҒО баспасөз қызметі
Байланысушы: Марина Максимова, +7 777 2254601, marina_maximova@rambler.ru