«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Көкшетауда сілекей бойынша АИТВ-мәртебесін білуге болады

12.06.2020

 

2020 жылдың 12 маусымында Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығында инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша денсаулық сақтау басқармасының МӘТ шеңберінде "LIFE FOR ME" жобасының тұсаукесері өтті.

"Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды оңалту және бейімдеу ӘПО" ҚҚ жетекшісі Нурлыбек Конуспаев жоба шеңберінде алуға болатын мақсаттар, міндеттер мен қызметтер туралы айтып, әсіресе инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шараларына толығырақ тоқтала отырып, айтып берді. Презентация аудиториямен екіжақты қарым-қатынас форматында өтті, онда әркім қызықты сұрақ қойып, жауап ала алды.

Кездесу соңында спикер қатысушыларға берілген уақыт үшін алғысын білдіріп, АИТВ-инфекциясы, вирустық гепатиттер және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мәселелері бойынша ақпараттық материалмен танысып, сауығуға өз жолын табуды тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Егер сіз есірткіні қолдансаңыз, АИТВ-мәртебеңізді білгіңіз кел ме?

Біз сізге көмектесе аламыз: психологиялық кеңес бере отырып, АИТВ-инфекциясы, вирустық гепатит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы көбірек әңгімелейміз, сондай-ақ, тамыр маңы сұйықтығы бойынша АИТВ-ға жедел тестпен тегін және жасырын тексереміз.

Толығырақ ақпаратты Сіз Whatsapp +7 (701) 327 7918 нөмірі бойынша немесе  Инстаграмнан @7162spc.kz ала аласыз.