2020 жылдың мамырынан бастап Көкшетау қаласында "Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ мен біздің орталықтың қолдауымен "өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды оңалту және бейімдеу СПО" ҚҚ жүзеге асыратын "Life for ME" жобасы басталады.
БҰЛ ЖОБА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Осы ауруларды жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін АИТВ, вирусты гепатит, жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен ауыру қаупі туралы көбірек ақпарат беру.
ЖОБА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Онлайн-кеңес беру;
Аутрич-жұмыс ("көшедегі әлеуметтік жұмыс");
Оқыту кездесулері.
ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР НЕ АЛАДЫ?
АИТВ, гепатиттер, ЖЖБИ және тәуелділіктерді емдеу мүмкіндіктері туралы ақпарат.
Сілекей сұйықтығы арқылы өз АИТВ мәртебесін білу.