4 ақпан 2016 жылы Ақмола ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің педагогы Асемгуль Сулейменова Көкшетау қ. № 6 орта мектебінде 8 сынып оқушыларымен және 6-8 сыныптар оқушыларының ата-аналарымен екі кездесу өткізіп, онда ҚР және Ақмола облысындағы АИТВ-инфекция бойынша эпиджағдай жөнінде мағлұмат берді, бұл инфекцияның ерекшеліктері, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып берді. АИТВ-ң жыныстық қатынас арқылы жұғуының өсуіне байланысты отбасында адамгершілік-жыныстық тәрбие сұрақтары жөнінде сөз болды. Жұмыстың осы формасы қоғамның АИТВ-инфекция мәселесіне, жауапты мінез-құлыққа, қауіпті мінез-құлыққа жол бермеуге көбірек назар аударады және жыныстық тәрбие сұрақтарында ата-аналар және балаларға бірін-бірі түсінуге көмек береді. Кездесу соңында барлық қатысушыларға АИТВ-инфекцияның алдын алу тақырыбына арналған қалталық күнтізбелер, бүктемелер, буклеттер таратылды.