«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : "Есте сақтау және өмір сүру": ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні

12.05.2020

 

          2020 жылдың 11 мамырында Ақмола облысының Аймақтық коммуникация қызметінде мамыр айының үшінші жексенбісінде жыл сайын аталып өтетін Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған онлайн баспасөз конференциясы өтті.

        Еске алу күнінің негізгі мақсаты- АИТВ-инфекциясының таралуы, әлеуметтік қорғау, АИТВ-оң адамдардың стигмасы мен кемсітуі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударту.

        Дәстүр бойынша баспасөз конференциясын Ақмола облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Курманбек Бурмаганов ашып, осы күннің пайда болу тарихы, оны өткізу мақсаты және осы күнге орайластырылған сайыстарға қатысты айтып берді.

       "Елдегі карантиндік шараларға байланысты біз әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықпен жұмысты күшейтіп, облыс тұрғындарына "АИТВ-инфекциясы: алдын алу, диагностика және емдеу " тақырыбын журналистер арасында үздік жариялау және Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік пост «Есте сақтау және өмір сүру!» . Instagram, Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі nickname akmaids ресми аккаунттарының беттерінде байқау ережелерімен толығырақ танысуға болады", - деді бас дәрігер.

       Одан әрі орталық эпидемиолог дәрігері Жулдыз Молдахметова Ақмола облысында 2020 жылдың төрт айында эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтерді айтып берді.

       Соңында орталық мамандары журналистерді тек шынайы ақпаратты жариялауға, алдын алу шараларын сақтаудың, АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілігін болдырмаудың маңыздылығын кең көлемде жеткізуге шақырды.