«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Тәжірибе жүзінде жұмыс істедік: Көкшетауда коронавирус бойынша семинар

11.03.2020

Ақмола облыстық ЖИТС- пен күрес және алдын алу орталығында теориялық және практикалық блоктан тұратын коронавирустық инфекция бойынша семинар өтті.

Алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі эпидемиолог Зоя Хван әріптестеріне коронавирусты инфекцияның берілу жолдары, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы айтып берді , сондай-ақ коронавирусқа күдіктенген кезде хабарлау схемасымен, осы аурудың алдын алу шараларын реттейтін нормативтік құжаттармен таныстырды.

Тәжірибелік бөлімде орталықтың келушілеріне коронавирусқа күдікті медицина қызметкерлерінің дағдылары пысықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын алу шараларын ұстану қажет екенін еске салады:

·        сабынмен қолды жиі және мұқият жуу;

·       спирттік антисептиктерді қолданыңыз;

·       адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу;

·        үй-жайларды тәулігіне 2 реттен кем емес желдету;

·       дезинфекциялау құралдарын ( құрамында хлор бар заттар, 70 % спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода);

·       қоғамдық орындарда көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз;

·       адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан кейін және көшеден   

қайтқаннан кейін мұрын және ауыз қуысын ( мұрын жұтқыншақ) әлсіз

сода ерітіндісімен шаю;

·       жөтел мен түшкірудің әдебін сақтау;

·       сырқат адамдармен қатынаста болмау;

·       суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуының

жоғарылауы, тыныс алудың қиындауы, мұрынның бітелуі , жөтел жиі құрғақ, денедегі сынық, мұрын, тамақтың ауруы) үйде қалуы, өз бетімен ем алмауы, МІНДЕТТІ түрде жедел жәрдем шақыруы қажет.

Коронавирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті тәулік бойы саll-орталығына 1406 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алуға болады.