Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Асель Балтабаева Көкшетау қаласының № 14 орта мектебінің оқушыларымен сыныптан тыс сабақ өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу әдістері мен емдеу мүмкіндіктері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсітушілік мәселелері талқыланды, жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті, оған 60-тан астам оқушы қатысты.
Қала мектептерінде мұндай іс-шараларды орталық мамандары оқу жылы бойы жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапты мінез-құлқын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында жүргізеді, ал балалар үшін өзінің хабардарлығын арттыруға тамаша мүмкіндік болып табылады.