Қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, "Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы" ШЖҚ МКК "АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу" мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметтің осы түрін ұсыну міндетті түрде көрсетілетін қызметті алушыдан тестілік кеңеске дейін және одан кейін қан алуды көздейді, сондықтан көрсетілетін қызметті көрсету тек мемлекеттік органдар арқылы және тек қана қағаз нысанында ұсынылады.
Барлығы 2019 жылы ЖИТС ОО-да, облыс аудандарынан келіп түсетін сынамаларды зерттеуді қоса алғанда, 108 035 қызмет көрсетілді.
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында медицина қызметкерлерімен 9 оқыту семинарлары өткізіліп, 195 адам қамтылды.
"АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу" ММ бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында 2019 жылы "Кокшетау сегодня" газетінде 1 мақала жарияланды, материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылды : Facebookқа ( мекен-жайы: akmaids ) - 1269 жазылушылар;Instsgrammға ( мекен-жайы: akmaids) - 367 жазылушылар; ВКонтактыға ( мекен-жайы: akmaids) - 48 жазылушылар.
Ресми сайт: www.spidcentr.akmol.kz- 396 кірушілер.