«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының 30 жылдығы

12.12.2019

2019 жылдың 11 желтоқсанында Көкшетау қаласында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс шара өтті.

          Осы күні Орталықтың қызметкерлері мен шақырылған ардагерлерді салтанатты түрде, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Әбішев, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов, сондай - ақ, 1997 жылдан 2013 жылға дейін орталықты басқарған- Олжабай Байгожин, оның базасында алғаш рет АИТВ-инфекциясының диагностикасы жөніндегі зертхана ашылған, қан орталығының жетекшісі- Мария Бабченко құттықтады.

       "Денсаулық сақтау үздігі" төс белгісімен емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі- Сандугаш Бурмаганова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен - гинеколог дәрігері- Гүлбаршин Жақсалыкова, зертханашы- Татьяна Мискевич, сонымен қатар орталықтың ардагерлері мен қызметкерлері Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының 30 жылдығына арналған мерейтойлық белгісімен марапатталды. 

         Мерекелік шарада Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері, қызметкерлері көркем нөмірлермен өнер көрсетті, сондай-ақ орталықтың құрылу тарихы мен жұмысы туралы арнайы мерекелік күнге арнап түсірілген бейнефильм көрсетілді.

Еске сала кетейік, 1989 жылдың 28 қарашасында Қазақ КСР Халық депутаттары Көкшетау облыстық кеңесінің шешімімен өзінің жұмысын Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы дербес медициналық мекеме ретінде бастады. Осы күнге дейін АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу бойынша диагностикалық, алдын алу, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуімен айналысып, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға консультациялық-диагностикалық және емдеу-алдын алу көмек көрсетеді.